Кеше мен бір нәрсені түсіндім
01 November, 2009
Кеше мен бір нәрсені түсіндім. Көптеген жылдар бойы мен өзімді бір секундта болсын қауіпсіздікте екенімді сезген жоқпын. Көшеге қоқысты төгуге шықсам - қайдағы бір маймылдар сыра ішіп: "шешесс сігейін блядь", - "иә блядь жынды көт" - деп отыр екен. Олардың көңілін өзіме бөліп жіберем ба - деп қорқам шыққан сайын. Автобуста да қорқам, көңіл бөлуді бір секундқа бәсеңсітіп жіберіп қалсам, ана бетін қырмаған ап-арық кісі мені алып, бір ұрып жіберетін сияқты. Үйде де қорқам, біреулер келіп "Жоғал бар! Міне қағаз, үй біздікі ғо, шық!" - деп қуып жібере ма деп қорқам. Міне подъездте біреу тырсылдап келе жатыр. Көршілер екен, олардан да қорқам, пәтерлерінде жабылып алып, бір бірімен боқтықтар айтып, керісет те отырады. Дүкенге баруға қорқам, себебі онда тез ойлап, дұрыстап сөйлеу қажет. Ал егер бірдеңені дұрыс айтпасаң, күзетті шақырып, тепкілеп тастайды. Оған қоса, әке-шешеңе соғып: сіздің балаңыз лох, алып кетіңіз деп айта салады. Ата-анам мені бұрын өлтіріп тастағысы келді, оларға нағыз жігіт керек еді, ал мен шала болып туылдым. Мамам көп уақыт бойы жылаған, кейін жуасты. Бірақ кешірген жоқ мені, өлгені жақсы болар еді деп ойлады үнемі, кейде ашық айтып жібереді соны. Ал мен алдым да өле қалдым, бүгін таңертең. Таңертең тұрсам - ештеңе ауырмайды, аштықты да сезбеймін. Жәй қанағат үшін шөптен жасалған шәй ішіп, анимемді қарай бастадым. Енді ешқайда асықпаймын, себебі өлгендерде уақыт жеткілікті. Барлық анимемді қарап болған соң, асықпай жұмысқа кеттім. Қар аралас жаңбыр жауды, а маған салқын да емес, ешқандай реніш те жоқ. Балдыр-балғындаймын. Жұмысқа автобуспен бардым. Ол ұзақ жүрді. Тұмаулаған тірі адамдар маған көңіл болген жоқ. Бір уақытта басқа бір өлген жас жігітпен кездесіп қалдым. Екеуіміз жұмысқа жеткенше әңгімелесіп отырдық, анау-мынау туралы. Жұмысқа келгенде, жаңбыр мен қардың кесірінен барлығы ауру болып қалған. Бастық ше, бұрын менің басымнан бір нәрсемен ұрғысы келетін еді, ал қазір аяқ-киімімен тырсылдап, басын шайқап үйге емделуге кетті. Кейін маған телефонмен соққысы келді, бірақ енді маған атып тұрып жауап беру қажет емес. Оның жынданғанына қарап, өзінше бір мәз болып қалдым. бастық та өліп қалса, жақсы болар еді. Мүмкін екуіміз дос болып қалармыз.
Толығырақ >>>